Отбасылық бюджет: биылдан бастап салық шегерімдері кімдерге беріледі

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде көпбалалы отбасылар, ипотекалық төлем және оқу ақысы бойынша жаңа салық нормасы қолданыла бастауы тиіс. Ол қандай норма және қалай жүзеге асады?

Көпбалалы отбасы

Көпбалалы отбасына жеке табыс салығынан (ЖТС) жылына 282 АЕК-ке дейін салық шегерімі жасалады:

Бұл салық шегерімі жасалуы үшін 1 қаңтардағы жағдай бойынша отбасында 4 және одан да көп бала болуы керек. Бұл статус балалардың туу туралы куәлігін жұмыс беруші ұйымның бухгалтерия не кадр бөліміне көрсету арқылы нақтыланады.

Бұл жеңілдікті қарапайым тілмен былай түсіндірсек болады: жұмыс істеуші ата-ананың бірінің жалақысынан 90 мың теңге сумма жеке табыс салығынан босатылып, соның арқасында әр ай сайын 9 мың теңге үнемделеді.

Басқаша айтқанда, бұрын 500 мың теңге жалақысынан 10% ЖТС төлеп келген адам енді сол жалақысының тек 410 мың теңгесінің 10%-ы мөлшерінде ЖТС төлейді. Сәйкесінше бұрын ЖТС-ке 50 мың теңге ұсталса, салық шегерімін қолданған сәттен бастап 41 мың теңге ұсталады.


Оқу ақысы

Салық шегерімі мына оқу түрлерінің төлеміне қолданылады:

Салық шегерімінің шекті сомасы — бір күнтізбелік жылда 118 АЕК-ке дейін. Демек, оқу ақысынан 463,9 мың теңге ЖТС-тен босатылып, ата-ана 46,3 мың теңге үнемдеп қала алады.

Бұндай жеңілдікті 21 жасқа толмаған студент баласының оқу ақысын төлеу кезінде ата-ана да, білім алушының өзі де пайдалана алады.

Оны алу үшін білім беру қызметін көрсететін ұйыммен жасалған келісім мен төлемді растайтын құжаттарды көрсету керек.

Ипотека сыйақысы

2024 жылдың соңына дейін ипотекалық қарыз сыйақысы бойынша салық шегерімі «Отбасы банк» клиенттеріне ғана жасалып келді. 2025 жылдан бастап мұндай жеңілдік кез келген екінші деңгейлі банктерден алынған ипотекаларға да қолданылады.

Салықтық шегерімді жасату үшін бухгалтерия не кадр бөліміне өтініш жазып, мына құжаттарды көрсету керек:


Заңға сай ма?

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 8-бөлімі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚР заңы негізінде жұмыс істейді.

Бұған дейін осы кодекстің 8-бөлімі 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған.

Мемлекеттік органдар әлденеше рет осы тыйым 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін созылады деп мәлімет бергеніне қарамастан, әлі күнге ондай норма жарияланған жоқ.


Дереккөз: inform.kz