Параны уәде ету мен ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының негізгі бастамасы  – пара беруді талап еткені, уәде бергені немесе ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 678-бабының жаңа редакциясы бойынша оған көп мөлшердегі айыппұл қарастырылған.

Айыппұл сыйақы мөлшерінің 30-дан 60 еселенген мөлшерінде болады.


Фото: azh.kz