Биыл елімізде 175 мың тұрғын үй салынады

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

Бүгінде баспана кезегіне ресми тіркелген 600 мыңнан астам адам бар. Алайда оны жүйелейтін арнайы орталық болған жоқ. Енді мамыр айынан бастап бұл міндетті «Отбасы банкі» жанынан құрылатын институт атқарады. Үйді бөлу кезінде олар баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейін ескеруі тиіс.

Сондай-ақ Президент тапсырмасымен Жұмысшы мамандықтарына арналған жаңа ипотека түрі де  іске қосылады.


Фото: elordainfo.kz