Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысына жаңадан су қоймасы мен каналдар салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 2 су торабы мен 4 гидротехникалық құрылысқа реконструкция жасалады.
Бүгінгі таңда, Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 232 шақырымға жуық 5 каналда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, су жинау станцияларын реконструкциялау жобасы іске асырылып жатыр. Оған қоса, ұзындығы 2600 шақырымнан асатын 16 магистральдық және шаруашылықаралық арналарды автоматтандыру үшін жобалау- сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Облыста су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша да жұмыс жалғасып жатыр. Мәселен, өткен жылы Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді.
Фото: tengrinews.kz