Елімізде картоп экспортына шектеу қойылды

Қазақстан ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін алты айға картопты үшінші елдерге экспорттауға шектеу қойды. Бұл шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қолданылмайды, алайда бұл бағыттағы тасымалға бақылау жүргізіледі. Бұдан басқа экспортқа фитосанитариялық сертификаттар беру толығымен тоқтатылды.

Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, негізсіз қымбаттаудың алдын алуға және нарыққа қатысушылар тарапынан алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, республикадағы картоп қоры 850 мың тоннадан асады. Бұл қор жаңа өнім алынғанға дейін ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті.



Фото: elordainfo.kz