Қазақстан банктері былтыр 2,55 трлн теңге таза пайда тапқан

Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің кірістері мен шығыстары туралы жиынтық есеп жариялады. Оған сәйкес өткен жылы еліміздегі банктердің таза пайдасы 2,55 трлн теңгеге жеткен.

Қаржы ұйымдарының жалпы кірісі 71,4 трлн теңгеден асады. Ал шығыстар жиынтығы 68,4 трлн теңге болған.

Қазақстанда 21 екінші деңгейлі банк бар. Олардың жиынтық активі 61,5 трлн теңгеге жеткен. Бір жылдағы өсім 20%-ды, ал міндеттемелері 52,6 трлн теңгені құрайды.


Фото: turkystan.kz