Картоп бағасын негізсіз өсірген делдалдар анықталды

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі картоп бағасының өсуіне қатысы бар делдалдарды анықтады.

Жыл басынан бері сауда үстемесін 15%-дан асырмау туралы 20 комиссия өткізіліп, 49 заңбұзушылық анықталды. Әкімшілік шаралар қабылданатыны хабарланды.

Астанада картоптың орташа бағасы 280-185 теңгеге дейін төмендеді. Қазақстан бойынша орташа баға - 322 теңге. Әлеуметтік дүкендерде картоп жеткілікті әрі нарықтан төмен бағамен сатылып жатыр.