Бүгіннен бастап Қазақстанда бензин, дизель отыны және кейбір мұнай өнімдерін елден шығаруға тыйым салынды. Тіпті, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттауға рұқсат жоқ.
Энергетика министрлігі ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмас үшін осындай шаралар қабылдаған.
Ескеретін жайт, гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілетін мұнай өніміне шектеу жоқ. Сондай-ақ, майлау материалдарын шығаруға, көлік багіндегі отын экспортына, ғылыми зерттеулер мен қоспаларды сынауға арналған авиациялық отынды шығаруға рұқсат берілді.
Фото: altyalash.kz