Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күләш Байсейітова – Қазақтың көрнекті әншісі, драмалық актриса, КСРО халық әртісі, КСРО мемлектеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның музыкалық-драмалық өнерінің негізін салушылардың бірі.
Еске сала кетейік, оқу орнын қайта атау туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, бұл туралы өткен жылы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жариялаған болатын.
Фото: kz.polomap.com