Алтын бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Әлемдік нарықта алтынның бір унциясы 2 850 доллар болды.

Сарапшылар мұны АҚШ-тағы жаңа өзгерістерге байланысты деп отыр. Себебі Дональд Трамп Қытайға 10 пайыздық тариф қарастырып жатқанын, сондай-ақ Канада мен Мексика үшін баж салығын 25%-ға көтеруге ниетті екенін мәлімдеген еді.

Осының бәрі сауда нарығындағы инвесторлар арасында тұрақсыздық туғызды.


Фото: tengrinews.kz