Елдегі әр бала Ұлттық қордан 129,4 доллар алды

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа дейінгі балалардың шотына 129,38 АҚШ доллары көлемінде қаржы аударылды.

Жалпы төлем сомасы 888,8 млн долларды құрады, ал бағдарламаға қатысушылар саны 6,9 миллионнан асты.

2025 жылғы 31 қаңтарда осы ақпаратты eGov mobile мобильді қосымшасынан және kids.enpf.kz сайтынан алуға болады.


Фото: qov.kz