Мәжіліс екі ел арасындағы қызметті реттейтін құжатты ратификациялады. Орталық өнеркәсіптік кооперация, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кешені ретінде жұмыс істейтін болады.
Нысан 500 шаршы метр аумақты алатын, өз мемлекетінің құзырында болатын қазақстандық және өзбекстандық бөліктерден тұратын болады. Қазақстандық бөлігін басқару Сауда және интеграция министрлігіне, ал өзбек бөлігі Өзбекстан Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігіне жүктелді.
Нысанның орналасқан жері «Атамекен» (Қазақстан) және «Гүлістан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттері маңындағы елдердің шекаралас аймақтары болып анықталды.
Фото: atamekenbusiness.kz