Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде айтты.
«Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент түпкілікті шешімді білікті сарапшылар мен депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдаған дұрыс деп санайды.