Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Ол бұрынғы ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. Ташкент халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген, экономка ғылымдарының кандидаты.