ҚР Ұлттық кітапханасында «Сахара сандуғашы» кітабының таныстырылымы өтті.
Басылым қазақ радиосының белгілі дикторы, Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға Сауық Жақанованың 80 жылдық мерейтойына орай жарық көрді.
Сауық Жақанова өзінің көп жылдық ел мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, радио және телевизия қызметкерлері, журналистер, Сауық Жақанованың туыстары мен жақындары қатысты.