Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде тау жынысы опырылып түсіп, жер астында 7 жұмысшы қалып қойды.
Апатқа қатысты ҚР ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша іс қозғалды.
Оқиға орнында Ұлытау облысы Полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.