Биыл Түркістан облысында 32 мектеп салынады

Биыл Түркістан облысында 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.


Облыс әкімінің баяндамасынан:

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.