Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.


Олардың қатарында:

     🔵4 еңбек ардагері;

     🔵19  жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;

     🔵14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;

     🔵6 кәсіпорын басшысы;

     🔵3 қоғамдық ұйым өкілі;

     🔵7 мемлекеттік қызметкер;

     🔵6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.