Аида Балаева: Құрылтайдың мақсаты – қоғамдағы көкейкесті мәселелерді билікке жеткізу

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтай аясында өткен секцияда қандай мәселе назарда болғанын айтты.

"Қатысушылар секция жұмыстарына белсенді қатысты. Құрылтайдың осындай секцияларында әр саладағы көкейкесті мәселелер талқыланып қана қоймай, сонымен бірге оның шешілу жолдары да ұсыныс ретінде айтылады. Менің ойымша, құрылтайдың басты мақсаты - осы. Қоғамның пікірін есту, қоғамдағы көкейкесті мәселелерді билікке жеткізу", - деді министр.

Аида Балаева осы ретте құрылтай өзінің мақсатына сай жұмыс істеп жатқанын айтты.


Фото: baq.kz