Ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ұлттық киімге қатысты пікір білдірді.

«Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек», - деді Президент.