Әйелдер боксы: Қазақстан Әлем чемпионатында екінші орын алды

9-16 наурызда Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

🥇Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева ел қоржынына алтын медаль сыйлады.

🥈 Виктория Графеева, Елдана Тәліпова күміс жүлдеге ие болды.

🥉 Наталья Богданова қолаға қол жеткізді.



Жүлде қоры:

Алтын жүлде үшін – 100 000$
Күміс жүлде үшін – 50 000$
Қола жүлде үшін – 25 000$
Ширек финалистер – 10 000$

Жарысқа 51 мемлекет қатысып, Қазақстан, Ресей, Сербия және Өзбекстан ғана барлық 12 салмақта толық құрамда өнер көрсетті.