19 наурыз – Жаңару күні

Наурызнама онкүндігі бойынша бүгін - Жаңару күні. Бұл күннің басты мәні – тазалық, жаңару және жаңа бастамалар! Бұл күні табиғат оянып, айнала жаңарады, адамдар үйін, жан-дүниесін тазартып, ескі реніштерді кешіріп, жақсы ойлармен алға ұмтылады.

Жаңару – өзгерістер мен жаңа белестер кезеңі. Табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Көкжиектер кеңейіп, мүмкіндіктер туатын уақыт.


Фото: sn.kz