Қазақстан ЕО нарығына 175 тауар түрін экспорттайды

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанда өтіп жатқан «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінде айтты.

"Қазақстан ЕО нарығына жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 175 тауар түрінің экспортын ұлғайтуға дайын", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Еуропа Одағы шетелден импорттайтын мұнайдың 13 пайызға жуығы біздің елімізге тиесілі. Оның басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы тасымалданады. Еуропа Одағы аталған консорциумның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жұмыс істеуіне қолдау білдіріп отыр. Қазақстан мұны жоғары бағалайды және шикізат тасымалдаудың балама жолдарын да дамытады.


Энергетика және тасымал бойынша: