Жаңа платформа еліміздегі гидтердің қызметін реттеуге мүмкіндік береді. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, цифрлық жүйе қажетті гидтерді табуды және олармен байланысқа шығуды жеңілдетеді.
Платформа туристер мен гидтер арасындағы өзара байланысты орнатуда тиімді алаң болмақ. Сондай-ақ жаңа жүйе мамандардың білімін тексеріп қана қоймай, қосымша білім беру ресурстарын ұсынады.
Тексерілген гидтер білікті мамандарды бейресми қызметкерлерден ажыратуға көмектесетін бірыңғай стандарт белгісін алады.
Қазірде жүйеге 380 гид тіркеліп, 94-і бейдждерге ие болған.
Фото: paryz.kz