Бүгіннен бастап еліміздегі 125 теміржол вокзалына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіле бастады.
«Ірі қалалардағы вокзалдармен қатар, елдімекендер мен шалғай аудандарда орналасқан нысандар да қамтылады. Мәселен, Шығыс Қазақстан өңіріндегі барлық 5 вокзал, Ақмола облысында – 16, Атырау облысында – 9, Алматы облысында – 5, Ақтөбе облысында – 7, Абай облысында – 10, Жетісу облысында – 8, Батыс Қазақстан өңірінде – 4, Қарағанды облысында – 11 және басқа да өңірлердегі вокзалдар да жаңартылады», – делінген Көлік министрлігінің ақпаратында.
Фото: rail-news.kz