Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Президент әскери қызметшілерге жауынгерлік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін тағы да алғыс айтып, оларға тілекші болған жақындары мен отбасыларына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр.