Орта есеппен кВТсағатына 7 теңгеге арттырылады. Тұрғындар үшін тариф шамамен 2 теңгеге көтеріледі. Бұл өзгерістер қоғамдық тыңдаулар өткеннен кейін қабылданады.
Жалпы ел бойынша коммуналдық тариф құны бір жылда айтарлықтай артты. Ең көп қымбаттаған — суық су. Оның тарифі 88,8 пайызға көтерілген. Бұдан кейін су бұру қызметінің құны 23,7 пайызға, орталық жылу 19 пайызға артқан. Ыстық су мен жарық 14 пайыздан, газ бен қоқыс шығару 11-13 пайызға өскен. Тұрғын үйді ұстау ақысының өзі 11 пайызға қымбаттаған.
Тарифті өсірудегі басты себеп - елдегі коммуналдық жүйелер тозған. Сарапшылар оның салдары - коммуналдық дағдарыс, – дейді.
Фото: pinterest.com