Оның 229 мыңы ерікті. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
Оның сөзінше, Мемлекет басшысының бастамасымен іске асқан жоба аясында 183 экологиялық акция өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 7,6 мың тонна қоқыс жиналып, 385 мың гектар аумақ тазартылды. Шамамен 74,1 мың жасыл желек отырғызылды.
Тұрғындар үшін арнайы @TazaQazBot чат-боты іске қосылып, халық тарапынан 15 мыңнан аса өтініш түсті. Басым бөлігі шешімін тапты. Президент айтқандай, бұл – бір реттік акция емес, ұлттың экологиялық мәдениетін қалыптастыратын тұрақты дәстүр болуы тиіс, дейді Руслан Желдібай.
Фото: zakon.kz