Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісі қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.
- Сессия басталғалы бері 62 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Президент 55 заңға қол қойған.
- Олар қатарында: Су кодексі, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, тауарлардың шығарылған елін айқындау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бар.
- Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы келіп түсті.
Президент тапсырмасына сәйкес:
- Салық, Құрылыс кодекстері;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ғылыми зерттеу аумақтарын дамытуға, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге және жасанды интеллектіге қатысты заң жобалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.