Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл облысындағы жүгеріні терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаның құрылыс алаңына барды.
Жобаны қытайлық компания жүзеге асыруда. Инвестиция көлемі $800 млн-ды құрайды. Өнеркәсіп кешен құрамына крахмал зауыты және үш биоферментация кәсіпорны кіреді. Зауыттан лизин, глутамин, глутамин қышқылы, лейцин, треонин, жем және тағы да басқа өнімдер шығарылады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, өнеркәсіп паркінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін көмір жылу электр стансасы мен ағынды суды тазарту стансасы салыынады.
Айта кетейік, негізгі нысан 2026 жылы пайдалануға беріледі. 1,5 мыңға дейін жұмыс орнын ашу көзделуде.