Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды.
«Хандар шежіресі» қолжазбасы – XVIII ғасырда жазылған, ұзындығы 3 метрден асатын бүктеме қағаз түріндегі құжат.
«ЮНЕСКО мойындаған бұл бірегей артефакт қазақ елін басқарған хандардың шежіресі бай екенін аңғартады. Сонымен қатар VI-XIX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың шығу тегін және олардың өзге халықтармен қалай байланыс орнатқанын түсінуге мүмкіндік береді»,- дейді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Бұған дейін ЮНЕСКО тізіміне Қожа Ахмет Ясауидің қолжазбалары, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы туралы мұрағат материалдары және Арал теңізінің мұрағат қоры енгізілген.
Фото: sputnik.kz