Президент Маңғыстаудағы көлік-логистика инфрақұрылымының даму барысымен танысты

Бүгінде аталған нысандағы көпмақсатты заманауи терминал Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік бағыттары бойынша тәулік бойы жүк тиеу мен түсіру қызметін ұсынады.

Порттың халықаралық көлік дәліздерінің тоғысында орналасуы ұлттық және өңірлік логистиканы нығайтудағы айрықша стратегиялық мәнін көрсетеді.

Президентке Маңғыстау облысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту перспективасы, соның ішінде еліміздің транзиттік әлеуетін кеңейту және порт қуатын жаңғырту жоспарлары жөнінде баяндалды.