Жаңа ереже жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланды.
Енді бұл көмекке үміткер мемлекетке шығыс операцияларын, яғни, банк шоты, банк алдындағы қарызы, микрокредиті, жинақ салымы мен депозиттегі қаражаты туралы мәліметтер ұсынуы тиіс.
Құжатта көрсетілгендей, бұл өзгерістер шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Жоба 5 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр. Егер ол қабылданған жағдайда жаңа тәртіп биыл желтоқсанда күшіне енеді.
Фото: ult.kz