Қазақстанда SIM-карта алу қиындайды

Енді жеке куәліктен бөлек, биометриялық сәйкестендіру міндеттелуі мүмкін. Яғни, бет-әлпетті тану арқылы тіркеу жүргізіледі.

Цифрлық даму министрлігі бұл шараны интернет алаяқтықпен күрестің бір жолы ретінде ұсынды. Себебі, былтыр қазақстандықтар 11 миллиард теңге қаржыдан қағылған. Сан соққандар саны жыл өткен сайын артып барады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылдан 2024 жылға дейін тіркелген интернет-алаяқтық шамамен 37%-ға артқан.


Дереккөз: inbusiness.kz

Фото: tn.kz