Ақкөл қаласындағы Мәліметтерді өңдеу орталығында суперкомпьютерді қосу рәсімі өтті. Ол Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне берілді.
Іс-шара «Цифрлық болашақтың технологиялары мен инфрақұрылымы» атты ғылыми-практикалық конференциясы аясында министрлердің, Ақмола облысы әкімінің, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасының, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «КЕАҚ» Басқарма төрағасы – ректорының, сондай-ақ ЖОО оқытушылары қатысуымен өтті.
Ғылыми шара аясында қатысушылар ел экономикасының цифрлық трансформациясының дамуы, киберқауіпсіздік мәселелері, жасанды интеллектті дамыту және т.б. тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасады.