Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды

Арменияда өтіп жатқан Қазақстанның мәдени күндері аясында Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян бастаған қос елдің зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар мен армян астанасының қонақтары қатысты.

Саябақтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мәдениет және ақпарат министрі бұл оқиғаның екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңін білдіретінін атап өтті.