Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.

Соңғы үш күнде «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында 4,5 миллионға жуық көшет егілді. Бұл науқан әлі де жал,асады.