Үкімет отырысында газ өндіру саласындағы проблемалық мәселелер көтерілді. Оның ішінде Жаңаөзенде салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысы 3 жылға кешігіп жатқаны айтылды.
Сондай-ақ Ұлытау облысында газ саласына бөлінген 2,7 млрд теңгенің басым бөлігі игерілмеген. Осыған байланысты Премьер-Министр облыс әкіміне ескерту жасады.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 62,8 миллиард текше метр газ өндіру жоспарланған. Биыл 12 миллионнан астам адам газға қол жеткізеді деген жоспар бар.
Фото: baq.kz