Есіл өзенінің деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылы тұсында Есіл өзенінің су деңгейі көтерілді.

Қауіпті аймақта блок бекет қойылып, полиция тәулік бойы кезекшілік атқаруға кірісті. Қазір өзен бойындағы бөгетті бекітіп, биіктету үшін барлық күш жұмылдырылған.


Фото: qaz-media.kz