Түркі Әлемі географтарының II Конгресі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде II Халықаралық Түркі Әлемі Географтарының Конгресі өтті.

Дәстүрлі конгрес қоршаған ортаны сақтаудағы тәжірибе мен идеялар алмасуға, тұрақты даму мақсаттарына жетуге және жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған. Конгреске Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркменстан, Өзбекстан және басқа да түркі тілдес мемлекеттерден 200-ден астам ғалымдар мен мамандар қатысты. Олар географиялық білім беру мәселелері, географияны оқытудың теориялық және әдіснамалық негіздері, халықаралық туризм және табиғи аумақтарды сақтау тақырыптарды талқылады.