Белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасов 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Саналы ғұмырын қазақ фольклортану ғылымына арнаған ғалымның 500-ден аса мақаласы мен 100-ге тарта кітабы жарық көрді. Сондай-ақ, бес томдық таңдамалы шығармалары жинағы шықты.
Академик Сейіт Қасқабасов өз еңбектерінде ұлттық фольклордың теориясы мен тарихын, әдебиет пен өнер проблемаларын, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларына қатысты іргелі еңбектердің авторы.
Фото: taulik.kz