Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды парадқа қызу дайындық жүріп жатыр.
Жоспарға сай парадты жаяу әскери бөлімшелер бастап шығады. Одан кейін тарихи және заманауи техника жүріп өтеді. Барлығы 4500-ге жуық әскери қызметкер мен 300 техника сап түзейді. Салтанатты шарада 66 әуе кемесінің әлеуеті көрсетіледі.
Айта кетейік, әскери парад 7 мамыр күні Астанада өтеді.
Фото: Қорғаныс министрлігі