Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Қосылған құн салығы (НДС) мөлшерлемесі 16% болып белгіленді.
Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеудің шегі 15 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.
Дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге қосылған құн салығының төмендетілген мөлшерлемелері енгізіледі: 2026 жылдан бастап 5 пайыз және 2027 жылдан бастап 10 пайыз болады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатымен қосылған құн салығы сомасы 70 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылды.
Ойын бизнесі мен банктер үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 25 пайызға дейін көбейтілді. Ал банктер үшін кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуден түсетін кірістер бойынша мөлшерлеме 20 пайыз деңгейінде қалды.
Фото: Мәжіліс