Жамбылдық қолөнершілердің еңбегі Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енді.
Халықаралық "Қызғалдақ мұра" фестивалі аясында жамбылдық қолөнершілер 200 метрлік киіз басып, Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енді.
Шеберлер қызғалдақтың отаны саналатын Қаратау тауының бөктерінде 3 айлық еңбектерінің нәтижесін таныстырды. Ақпан айының ортасында өңірдегі бес қолөнершілер ассоциацияның 100 мүшесі бірігіп, бұл іске жұмылған. Ісмерлер киіз басудың дәстүрлі ылғалды әдісін қолданып, жергілікті табиғи шикізатты пайдаланған.
Рекордтар кітабына енген қолөнершілердің киізі арнайы шынымен қапталып, халықаралық "Әулие-Ата" әуежайына табыс етіледі.
Фото: massaget.kz