Шеруге Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген.
Алаңға 5 мыңнан аса көрермен жиналды. Оның ішінде соғыс және тыл ардагерлері, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдері, депутаттар мен қоғам қайраткерлері, еліміздің әр аймағынан келген делегаттар, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, әскери патриоттық клубтардың жас сарбаздары бар.
Фото: inform.kz