Соғыс ардагерлеріне көрсетілетін әлеуметтік төлем көлемі ұлғайды

Жеңістің 80 жылдығының қарсаңында 109 ардагерге жалпы сомасы 545 млн теңге берілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, жыл соңына дейін бірреттік көмектен бөлек тағы бірнеше әлеуметтік төлем түрлері қарастырылмақ.

Атап айтсақ, коммуналдық қызметтерді өтеу үшін 193 мыңнан астам ардагерге барлығы 2,5 млрд теңге беріледі. Үй жөндеу жұмыстарына 61 адамға 21 млн теңге, отын сатып алу үшін 342 адамға 14 жарым млн теңге төленеді. Сондай-ақ тіс емдеуге 3 жарым мың ардагерге жалпы алғанда 441 млн теңге, дәрі-дәрмек алуға 3 мыңдай адамға 48 млн теңге бөлінеді.