Елімізде жылжымайтын мүлікке қосымша салық енгізіледі

2026 жылдан бастап жылжымайтын мүлікті сатудан алынатын табысқа салық ауырлай түседі.

Негізгі өзгерістер:

▪️ Салықтан босату мерзімі 1 жылдан 2 жылға ұзарады
▪️ Мүлік 2 жыл өтпей сатылса — пайдаға 10% салық салынады
▪️ Ірі табыс (33,5 млн теңгеден жоғары) үшін – 15% дейін прогрессивті салық енгізіледі

Егер үйді сатып алған бағамен немесе арзанға сатсаңыз — салық салынбайды.

Сарапшылардың пікірінше, баға өспейді, бірақ сатушылар салықты бағаға қосуы мүмкін. Ал ипотекалық сату кезінде табысты жасыру мүмкін емес.


Фото: homsters.kz