ІІМ педофилдерді өмір бойы бақылауға алмақшы

Ішкі істер министрінің орынбасары педофилдерді жазасын өтеп шыққаннан кейін бақылау мерзімін «шексіз кезеңге» дейін ұзартпақшы. Бұл туралы министрдің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті. 

Журналистердің сұрағына жауап берген Игорь Лепеха құқық бұзудың алдын алу үшін бұрын істі болғандар мен әрекеті күмәнді азаматтардың сыртынан бақылау шарасын күшейту жоспарланып отырғанын айтты. Ол бұл жаңашылдықтың қалай іске асуы мүмкін екенін педофилдердің мысалымен түсіндірді.

— Қазір педофил жазасын өтеп шыққаннан кейін 8 жыл бойы біздің бақылауымызда болады. Енді сол мерзімді шексіз кезеңге дейін ұзарту мәселесін пысықтап жатырмыз. Өмір бойына есепте тұрғанын қалаймыз. Ол бақылаудың ішіне белгілі бір шектеулер де кіруі мүмкін. Мысалы, оған мектепке немесе балабақша маңына жақындауға тыйым салуға болады. Ондай шектеуді сот белгілейді. Сот шешімін бұзса, біз шара қолданамыз, — деді министрдің орынбасары.


Фото: pixabay.com