Қазақстанда дәстүрлі «Музей түні» өтеді

Жыл сайын 18 мамыр күні әлем бойынша Халықаралық музей күні атап өтіледі. Бұл күні музей есігі көпшілікке ашық болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, елімізде 18 мамырда «Музей түні – 2025» дәстүрлі акциясы өтеді.

Акцияның аясында түрлі іс-шаралар, атап айтқанда, квест-сабақ, шеберлік сабақтары, концерттік бағдларламалар, қолөнершілердің жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Осы күні елдегі барлық музейлерге кіру тегін болады.


Фото: egemen.kz