Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» орталық стадионында ҚР-ның XIII Жазғы универсиадасының ашылу салтанаты өтті.
Универсиаданың негізгі мақсаты — ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың достығы мен ынтымақтастығын нығайту.
Іс-шара аясында Универсиада қатысушы 76 команда шеруі ұйымдастырылды. Республикалық додада 17 спорт түрі бойынша 800-ден астам медаль мен 104 кубок сарапқа салынады.
Ресми іс-шара елімізге танымал әншілердің концерттік бағдарламасына ұласты.